Телекоммуникациялық
жабдықтар
Компания жайлы
Контакты
+7 (383) 222-06-08
ICQ: 627-933-638
rotek@telecomsite.ru
Жабдықтар
Компания жайлы

1998 жылы құрылған "РОТЕК-Новосибирск" компаниясы Ресей мен Қазақстанның байланыс операторларына, интернет-провайдерлері мен корпоративтік клиенттеріне арнап, жобаларды әзірлеумен әрі тораптық және телекоммуникациялық жабдықтарды жеткізумен айналысып келеді. Біз үнемі нарықты зерттей отырып, телекоммуникациялық технологиялар саласындағы заманауи тенденцияларды қадағалап отырамыз, жаңадан вендорларды және қызықтыратын техникалық шешімдерді іздестіріп жүреміз.

Бізге хабарлассаңыз, Сіз ресейлік және шетелдік жетекші өндірушілердің жабдықтарын иеленіп қана қоймай, сонымен де білікті техникалық сүйемелдеуге де қол жеткізесіз. Біздің мамандарымыз Сізге арнап жоба әзірлеп береді, жабдықтарды баптау және пайдалану жөнінде ақыл-кеңестер береді, іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізеді.

Аймақтық телекоммуникациялық нарықтағы он алты жылдық еңбектенуінің арқасында "РОТЕК-Новосибирск" компаниясы өзін сенімді әрі тұрақты серіктес ретінде көрсетіп, сонысын дәлелдей білді. Қызметкерлеріміздің кәсіпқойлығы, аймақтық және байланыс операторларының міндеттеріндегі ерекшеліктерді білу бізге күрделі кешенді жобаларды сәтті орындауға мүмкіндік беріп отыр.

Біздің клиенттер

Мынадай ірі аймақтық операторлар және интернет-провайдерлер біздің клиенттеріміз болып табылады:

Қойма
Қазақстан аумағы бойынша жабдықтарды жеткізіп беру - Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе, Тараз, Павлодар, Семей, Өскемен, Қызылорда, Орал.